Коронавирус: Испания шекарасын жабады

Коронавирус: Испания шекарасын жабады

Коронавирус: Испания шекарасын жабады
ашық дереккөзі
Испан билігі коронавируспен күрес бойынша шараларды күшейту аясында шетелдіктер үшін құрлықтағы шекарасын жабады, – деп жазады Euronews. Бұл шектеу тек Испания азаматтары, тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар, шетелдік дипломаттар, сондай-ақ елге кіруге мәжбүр екенін дәлелдейтін жағдайы болғанда қолданылмайды. Бүгін түннен бастап және жоғары дабыл режимі аяқталғанға дейін Испания азаматтарын, елдің резиденттерін және Испания аумағында жұмыс істейтін шекара маңындағы аудандардың тұрғындарын қоспағанда, барлық шекаралар жабық болады. Испания астанасында вирус жұқтырған 9000 адамның 300-ден астамы қайтыс болған. Коронавирустың жаңа түрі каталондық женералитеттің басшысы Ким Торадан табылды. Саясаткер Барселонадағы резиденциясында карантинде жатып, жұмысын жалғастыра береді. Коронавирус Тораның орынбасары Пере Арагонестен анықталды. Бұған дейін бірнеше саясаткердің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. Оның ішінде, үкіметтің екі министрі, Испания премьерінің жұбайы бар. Ескеретін жайт, қазіргі жағдайда Испания – әлем бойынша коронавирус жұқтыру жағдайы көп тіркелген Қытай, Италия, Ираннан кейінгі орында тұрған төртінші мемлекет.