20239
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13 адамға жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 13 адамға жетті

ҚР Денсаулық министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелгенін хабарлады.
Министрлік Қазақстандағы коронавирусқа қатысты эпидемиялогиялық жағдай жөнінде 17 наурызда сағат 09:00-дағы жағдай бойынша мәлімет таратты. Ведомствоның хабарлауынша, Алматы қаласында корнавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 3 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күнде елде коронавирус жұқтырудың 13 жағдайы расталды, олардың 11-і Алматы қаласында, 2-еуі-Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.
Еске салсақ, Қазақстанда Төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады.