Louis Vuitton иіссу орнына антисептиктер шығара бастады

/
Louis Vuitton иіссу орнына антисептиктер шығара бастады
ашық дереккөзі
Louis Vuitton иіссу орнына антисептиктер шығара бастады Әлемдік бренд LVMH қолды зарарсыздандыруға арналған құралдар шығаруға кірісті. Компанияның президенті Бернард Арно коронавируспен күресте ауруханаларға көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Францияның 3 зауытында өндірілген санитарлық заттар мемлекетке тегін берілмек. Париждің 40 ауруханасына шамамен 12 тонна антисептик жеткізіледі. Айта кетейік, бұған дейін әйгілі футболшы Криштиану Роналду өз меншігіндегі қонақүйлерді коронавирустың алдын алу үшін аурухана ретінде пайдалануға бергенін хабарлағанбыз.  Спортшы қонақүйлерін тегін беріп қана қоймай, онда жататын науқастарға қызмет көрсететін мамандардың жалақысын да өз мойнына алған. 
 
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары