Тауарлардың шекті бағасын көтерген кәсіпкерлер айыппұл арқалайды

Тауарлардың шекті бағасын көтерген кәсіпкерлер айыппұл арқалайды

Тауарлардың шекті бағасын көтерген кәсіпкерлер айыппұл арқалайды
ашық дереккөзі
274
Төтенше жағдай кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. «Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары тұтақтандырылады. Төтенше жағдай режимінде барлық ел болып қауіп-қатерге қарсы бірігуге тиіспіз. Тамақ өнімдерінің бағаларын көтеруге, алыпсатарлыққа жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз», - деді Б.Сұлтанов. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағаларын енгізу тетігін жеңілдетіліп жатыр. «Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуына жедел тосқауыл қоюына мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдар шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салуға құқықтары бар», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары