Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауруханаларда орын жеткілікті

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауруханаларда орын жеткілікті

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауруханаларда орын жеткілікті
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінгенін айтты. «Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен театрлар, көрмелер мен халық көп баратын басқа орындар уақытша жабылады. Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Сондай-ақ азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын. Қазақстан аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режім күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың бәрі де азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар», - деді Мемлекет басшысы қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде. Мемлекет басшысы сақтанғанды құдай сақтайтынын айтып өтті.