287
Бүгін таңда жер сілкінді
Бүгін таңда жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз күні Алматы уақытымен 03 сағат 26 минут 26 секундта жер сілкінісін тіркеді, – деп жазды ҚазАқпарат.
Зілзала Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 538 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 8,7. MPV магнитудасы – 3,7. Тереңдігі – 5 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 бағаны бойынша) мәліметтер жоқ.