Жамбылға коронавирус жұқтырған 150 оңтүстіккореялық келгені рас па?

Жамбылға коронавирус жұқтырған 150 оңтүстіккореялық келгені рас па?

Жамбылға коронавирус жұқтырған 150 оңтүстіккореялық келгені рас па?
ашық дереккөзі

Желіде Жамбыл облысында Оңтүстік Кореядан оралған 150 қазақстандықтан коронавирус анықталды деген ақпарат тарады. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті осы қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Мекеме ешкімнің инфекция жұқтырды деген күдікке алынбағанын, өңірге Оңтүстік Кореядан 150 қазақстандықтың келмегенін хабарлады. Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, ақпарат шындыққа жанаспайды.

Комиттеттің мәліметінше, оңтүстік өңірде коронавирус инфекциясының алдын алу үшін барлық шара қабылдануда. Сондай-ақ билік медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз етіп, шетелден келгендерге күнделікті мониторинг жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті фейк ақпараттарды таратпауға шақырып, жалған мәлімет таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.