Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 593-ке жетті

Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 593-ке жетті

Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 593-ке жетті
ашық дереккөзі
Иранда коронавирус жұқтырғандар қатары тағы 205 адаммен толықты. Елде пневмонияның жаңа түрінен 43 адам көз жұмды. Бұл туралы ИРНА хабарлады.  Иранның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпурдың мәлімдемесіне сүйенсек, инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 593 болды. Оның ішінде 123 адам аурудан жазылған, 43 адам өмірден озған. Коронавирус жұқтырудың жаңа деректерінің көбі, нақтырақ айтқанда  52-сі Тегеранда тіркелген. Кумда – 21, Гилянда – 17, Голестанда – 22, Исфаханда – 12, Маркази провинциясында – 18, Мазендеранда – 12, Оңтүстік Хорасанда – 1, Иламда – 1, Фарс провинциясында – 8, Шығыс Әзербайжанда – 6, Ардебилде – 3, Альборзда – 8, Семнанда – 4, Күрдістанда – 5, Казвинде – 6, Хузестанда – 4, Систан және Белуджистан провинциясында – 1 және Йезде – 4 адам жұқпалы дертке шалдыққан. Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 85 мың адамнан асты.