Коронавирусты жарты жылда жеңуге болады – сарапшы

Коронавирусты жарты жылда жеңуге болады – сарапшы

Коронавирусты жарты жылда жеңуге болады – сарапшы
ашық дереккөзі
Коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі қалалық сарапшылар тобының жетекшісі Чжан Венхун осындай мәлімдеме жасады. «Шанхай СОVID-19 вирусымен күресуде баға жетпес тәжірибе алды, осыған сүйене отырып, індеттің жаһандық таралуын алты айда бақылауға алуға болады»,  деді Чжан Венхун. Tengrinews.kz сайтының жазбасына сүйенсек, Шанхайда 25 миллион адам тұрады, 26 ақпандағы мәліметке сәйкес, мұнда вирусты тек 337 адам жұқтырған. Чжан Венхун бұл көрсеткіш болжамнан әлдеқайда аз екенін атап өтті. Оның айтуынша, коронавирустың алдын алу және таралуын тоқтатуға бағытталған шаралардың нәтижесінде Шанхайдағы ауруханаларда сауығып кеткендердің саны 80 пайыздан асты, өлім-жітім деңгейі бір пайыздан төмен. Сонымен, бірінші кезекте коронавирус ауруы тіркелген аймақтардан қалаға келген әрбір адамға 14 күндік карантин жариялау керек. «Екіншісі – адамдар көп жиналатын барлық қоғамдық орындарды дереу жабу. Бұдан әрі вирус табылған қалаларда тек COVID-19 симптомдарын анықтайтын ауруханалар ашу қажет», – деді Чжан Шанхай тәжірибесімен бөлісіп. Ол осындай алдын алу шаралары көмегімен бес айда вирус жұқтырғандардың санын нөлге дейін қысқартуға болатынын айтты. Ал тағы бір-екі айдан кейін қала тұрғындары маскаларын шешіп тастай алады.