Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаздың денесі табылды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
"24 ақпанда сағат 8.40-та жедел басқарма пультіне көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен 1994 жылғы және 1992 жылғы ер адамдардың денелері табылғаны хабарланды. Бір біріне туыс болып келетін екеуі де Шымкенттің № 556/52 әскери бөлімінде қызмет еткен. Олар пәтер жалдап тұрған. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.ТЖД мәліметінше, үйді жылыту мақсатында газ плитасы қолданылған. Салдарынан пәтерде табиғи газ тарап кеткен.
Оқиға орнында ТЖД үш қызметкері мен полиция департаментінің төрт қызметкері жұмыс істеуде.