405
Қазақ боксшысы әлемдік чемпиондарды жекпе-жекке шақырды
Қазақ боксшысы әлемдік чемпиондарды жекпе-жекке шақырды

Cпорттық мәнсабында ешкімнен жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) өз салмағындағы әлемдік чемпиондарды жекпе-жекке шақырды, – деп жазды Prosports.kz.
Жәнібек твиттердегі парақшасына жариялаған жаттығуының видеосына: «Маған чемпиондық титул керек. Қайдасыңдар, чемпиондар? Егер жұдырықтасқыларың келмесе, маған белбеуімді беріңдер», – деп жазба қалдырған.
Бұған дейін спортшы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырған болатын. Сондай-ақ WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарло мен WBA чемпионы Сауль Альвареспен де кездесуге дайын екенін айтқан еді.