Үкімет басшысы отставкаға кетуге өтініш жазды

Үкімет басшысы отставкаға кетуге өтініш жазды

Үкімет басшысы отставкаға кетуге өтініш жазды
ашық дереккөзі
321
Желіде жарияланған шулы жазбадан кейін қызметіне адалдығы сынға түскен Украинаның премьер-министрі Алексей Гончарук отставкаға кетуге ниетті. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.  «Командамыз жайлы айтайын: біздің команда парасатты адамдардан тұрады. Сондықтан да мен үкіметте жемқорлық жоқ екенін айтамын. Соңғы кездері сіздер үкімет отырыстарында түсірілген монтаждалған файлдардың тарап жатқанын көріп жатырсыздар. Ол жазбалар менің және менің командамның президентті құрметтемейтінін көрсеткісі келеді. Мен бұл қызметке президенттің тапсырмасын орындауға келдім. Ол мен үшін шынайылық пен адамгершіліктің үлгісі. Алайда президенттің сеніміне қандай да бір нұқсан келтірмеу үшін мен отставкаға кетуге өтініш жазып, оны президентке жолдадым», - деп жазды премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары