Ресейлік балгер алматылық бойжеткенді арбап, 27 млн теңгесін жымқырған

Ресейлік балгер алматылық бойжеткенді арбап, 27 млн теңгесін жымқырған

Ресейлік балгер алматылық бойжеткенді арбап, 27 млн теңгесін жымқырған
ашық дереккөзі
309
Алматылық қызды арбап, 27 миллион теңгесін қолды қылған ресейлік балгер ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.  Тәртіп сақшыларының айтуынша, жәбірленуші «балгерді» тақырыптық сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп «сиқыр әрекеттерін» жасауды сұраған. «Ресейлік 40 жастағы әйел арбау арқылы, жәбірленушінің сеніміне кіріп, 27 миллион теңгесін алып кеткен», - деп хабарлайды полиция департаменті. Қазіргі таңда Салима есімді балгер ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктінің үстінен ҚРҚК 190 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары