Пойыз билетін алып сатушыларға 1,3 млн теңгеге дейін айыппұл салынады

Пойыз билетін алып сатушыларға 1,3 млн теңгеге дейін айыппұл салынады

Пойыз билетін алып сатушыларға 1,3 млн теңгеге дейін айыппұл салынады
ашық дереккөзі
2595
Теміржол билеттерінің алыпсатарларына 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестай мәлімдеді. Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі таңда темір жолмен жолаушылар тасымалдау шығыстары мемлекеттік бюджет тарапынан субсидияланады. Бұл: вагондарды жалға алу, күтіп ұстау, сатып алу, вокзал шаруашылығы, локомативтік тарту және магистралдық желі қызметтері. Шығыстың басқа бір бөлігін «Қазақстан темір жолы« жүк тасымалы кірістері есебінен көрсетілетін қызметтерге төмен тариф белгілеу арқылы жабады. Бұл ішкі кросс субсидиялау деп аталады. Аталған сызбада ақша ағымдарының бір орталыққа бағынуы және ашықтығы жоқ еді. Жүйені ашық ету үшін заң жобасымен жолаушылар локомативтері атты жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартудың жеке операторын құру нормалары анықталған. Бұл заңды тұлға локомативтік тарту қызметтерін өтеуге арналған субсидиялардың тікелей алушысы болады. Сондай-ақ бюджеттен қосымша қаражатты қарастырмай кросс субсидиялаудан бас тарту үшін жолаушылар тасымалдаушыларын қолдауға жүк тасымалдаушының тегерімдеуші, яғни баластық төлем енгізіледі. Бұл жолаушылар тасымалының нақты шығындарын көруге мүмкіндік береді», - деді ол. Е.Нестайдың айтуынша, нәтижесінде субсидияларды әкімшілеу жақсарады. Локомативтік тарту қызметтеріне арналған шығыстарды есепке алудың ашықтығы артады. Осылайша, жолаушыларды тасымалын субсидиялау тетігі бірыңғай стандартқа келеді. «Жүк тасымалдау кезінде ішкі, импорттық, экспорттық және транзиттік тарифтар бар. Қазіргі уақытта «жасырын» транзит сызбасы Қазақстан аумағына импорттық режимде жүкті әкеліп, одан ары үшінші елге экспорттық режіиде жүкті қайта жіберу арқылы жүзеге асырылып отыр. Аталған сызба жүк жөнелтушілерге экспорттық-импорттық тариф деңгейінен 4 есе жоғары болып саналатын транзиттік төлемнен жалтаруға мүмкіндік береді. «Қазақстан темір жолы« жыл сайын осы тәсілдің себебінен 16 млрд теңгеге жуық кірісін жоғалтып отыр. Осыған орай жүк жолдары бойында жүкті қайта тиеу, ауыстырып тиеу және көлік түрін ауыстыруды қарастыратын «жүк транзиті» деген түсінік енгізіп отырмыз. Сондай-ақ, тасымалдаушы жүкке арналған ілеспе құжаттарды қарау құқығына ие болады. Жаңа нормалар жүк жөнелтушіге транзиттік тариф төлемінен құтылуға жол бермейді», - деді басқарма басшысы. Мұнан бөлек, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында кірме жолдардың қызметтерін ұсыну және бағасын белгілеу тәртібі жетілдірілетіндігін айтты. «Соңғы мәселе, қазіргі таңда темір жол билеттерін сату, қайта сату фактілері бойынша тиісті шаралар күшейтіледі. яғни, заңмен жеке және заңды тұлғаларға жол жүру билеттерін заңсыз сату және қайта сатқаны үшін 100-ден 500 АЕК-ке дейін әкімшілік жауапкершілік көзделеді», - деді Е.Нестай.  

Серіктес жаңалықтары