1119
Некенің баянды болуы қан тобына байланысты – ғалымдар ағзамыздағы қанның құпия қасиеттерін ашты
Некенің баянды болуы қан тобына байланысты – ғалымдар ағзамыздағы қанның құпия қасиеттерін ашты
Ағзамыздағы қанның жай-күйі денсаулығымызға ғана емес, өміріміздің сапасына да әсер етеді. Қанның құрамын, қасиеттерін зерттеген ғалымдар осындай тұжырымға келген.
Адам 40 пайызы қанын жоғалтса да, тез арада қайта қан құйса, аман қалу мүмкіндігі бар.
Қан плазмасы құрамы жөнінен кокос суына ұқсайды.
Көп жағдайда дүйсенбі күні жүрек талмасы ұстайды. Бұл жұмыс күні басталуынан болатын стреске байланысты.
Зерттеушілер некенің баянды болуы қан тобына да байланысты екенін анықтады. 2 мен 4, 2 мен 1 қан тобындағылар қосылса, ауыз біршілік мықты болатын көрінеді.
Екінші қан тобындағыларда холестерин мөлшері көп болады.
Торонто ғалымдары диетаның қан тобына қатысы жоқ екенін дәлелдеді.
Құлағымызға ұлудың қабыршағын тақағанда ешқандай теңіздің дауысын емес, өз бойымызда ағып жатқан қанның дауысын естиді екенбіз.
Антарктидадағы балықтардың қаны ақ түсті болады. Оның құрамында гемоглобин болмайды, сол себептен суыққа төзімді.
Масалар да адамды қан тобына қарай таңдап шағады, оларға бірінші топты қан иелері көбірек ұнайды.
Ежелгі Египетте перғауындар түрі қанға ұқсайды деп шарап ішпеген.