БҚО-да 150-ге жуық жылқы ұрлаған күдікті топ ұсталды

/
БҚО-да 150-ге жуық жылқы ұрлаған күдікті топ ұсталды
Polisia.kz

БҚО полиция департаменті мал ұрлығының 6 дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінген төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілердің жалпы құны 86 млн теңгеден асатын 148 жылқыны ұрлау дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мал ұрлағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Полиция қызметкерлері осындай қылмыстардың алдын алу, оларды ашу және кінәлі тұлғаларды заңға сәйкес жауапкершілікке тарту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары