82 бас мал ұрлаған қарақшы "қармаққа" түсті

82 бас мал ұрлаған қарақшы "қармаққа" түсті

82 бас мал ұрлаған қарақшы "қармаққа" түсті
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын қорасынан 82 бас ұсақ малының ұрланғанына арызданған, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жәбірленушіге жалпы құны 3 жарым миллион теңгеге жуық шығын келтірілген. Болған жайтты полицейлер тез арада ҚР ҚК 188 бабы – «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркейді. Мал ұрлығы қылмысын жедел ашу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Бәйдібек АПБ қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылады. Білікті полицейлер жақын маңның барлығын аралап, мал тасымалдайтын автокөліктерді тексеріп, куәгерлерден сұрақ-жауап алып, аймақты тінтіп шығады. Іздеу нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар күдікті тұлға мен оның көлікке мал тиегені анықталады. Алайда ұрлыққа қатысты бар адам тұрғылықты мекенжайында болмай шығады. Күдікті бірнеше айдан соң Нұр-Сұлтан қаласында қыдырып жүрген жерінен ұсталды. Тергеу барысында ол малды сатып, қаржыны қажетіне жаратқаны анықталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.