Air Astana билеттерінің құны Bek Air компаниясының бағасынан қымбат болмайды – министрлік

Air Astana билеттерінің құны Bek Air компаниясының бағасынан қымбат болмайды – министрлік

Air Astana билеттерінің құны Bek Air компаниясының бағасынан қымбат болмайды – министрлік
ашық дереккөзі
394
Air Astana компаниясы ұсынатын бағалар Bek Air компаниясы алғаш ұсынған билеттердің бағасынан қымбат болмайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Bek Air компаниясының 7 қаңтарға дейін тыйым салынған рейстеріне билет алған жолаушылар үшін Air Astana компаниясы орын болған жағдайда Bek Air компаниясынікінен қымбат емес баға ұсынатын болады», - делінген хабарламада. Air Astana Нұр-Сұлтаннан Алматы қаласына қатынайтын және 27-29 желтоқсан аралығында кері қатынайтын қосымша 5 рейс қосты. Air Astana әуе компаниясы Bek Air жолаушыларын қажетті жеріне уақытында жеткізу мақсатында ішкі рейстерді қосу жұмыстарын жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары