Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады – Қазгидромет

Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады – Қазгидромет

Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, көктайғақ болады  – Қазгидромет
ашық дереккөзі
496
Қазақстанның басым бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан жылжыған циклон мен онымен байланысты атмосфералық ағындар әсер етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Кәсіпорын таратқан ақпараттарға қарағанда, Қазақстан Республикасының басым бөлігіне жауын-шашын және қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын болуы ықтимал. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Жарминский ауылында желдің жылдамдығы секундына 25 м/с жетуі ықтимал. Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-қа күшейеді.  

Серіктес жаңалықтары