242
"Күрделі ота жасалды": Ұшақтың екінші ұшқышы ауыр халде
"Күрделі ота жасалды": Ұшақтың екінші ұшқышы ауыр халде
Ұшақ апатынан жарақат алған екінші ұшқыштың жағдайы ауыр. Бұл туралы Алматыдағы 4 қалалық клиникалық ауруханасының мамандары хабарлады.
«Екінші ұшқыштың жағдайы ауыр. Бүгін НұрСұлтан қаласынан келген әріптестерімізбен бірігіп омыртқасына күрделі ота жасалды. Ол әлі наркоздың есін жия қойған жоқ. Ота сәтті жасалды», - деді 4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова.
Оның айтуынша, бұл ауруханада ұшақта бортсерік болған қыз да жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер орта деңгейде деп бағалап отыр. Ал борт командирі оқиға орнында көз жұмған болатын.