Газбен жүретін көліктерді жабық тұраққа қоюға тыйым салынады

Газбен жүретін көліктерді жабық тұраққа қоюға тыйым салынады

Газбен жүретін көліктерді жабық тұраққа қоюға тыйым салынады
ашық дереккөзі
643
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 2019 жылғы 29 желтоқсаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Жасболат Бержанов мәлімдеді. «Сығымдалған табиғи газбен және сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомобильдерді басқа мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген және оларға жапсарлас, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық типтегі автотұрақтарға газбен жүретін көліктерді кіргізуге рұқсат етілмейді»,- деді Жасболат Бержанов.

Серіктес жаңалықтары