2019 жылы әлемде болған ұшақ апаттары

2019 жылы әлемде болған ұшақ апаттары

2019 жылы әлемде болған ұшақ апаттары
ашық дереккөзі
1721
Әлем елдерін алаңдатқан әуе апаттарынан биыл жүздеген адам мерт болды. Мамандар «авиация ең қауіпсіз қозғалыс көлігі» десе де, ағымдағы жылда ұшақтардың құлауы жиілеп кетті. Әлемдегі ең қауіпті ұшақтар тізімінде көш бастап тұрған Boeing компаниясының ұшақтары. Мәселен, жарты жылда Boeing 737 MAX 8 ұшағы екі рет биіктен құлаған. Бұл тізімде тағы Airbus компаниясының ұшағы да бар, деп хабарлайды 24.kz. Биыл ең ірі әуе апаты Эфиопия мен Ресейде болды. Салдарынан 200-ге жуық адам қаза тапты. Эфиопиядағы әуе апатынан 157 адам мерт болды Биыл Эфиопиядағы ұшақ апатынан 157 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға наурыздың 10-ы болды. Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing-737 МАХ 8 ұшағы Аддис-Абеба қаласынан ұшып шыққан соң 6 минуттан кейін құлаған. Оның зауыттан шыққанына небәрі бірнеше ай ғана болған. Су жаңа әуе көлігінің бортында барлығы 30-дан астам ұлттың өкілі, дәлірек айтқанда, 149 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған. Таяуда Америкалық Boeing авиакомпаниясының басшысы Деннис Меленберг компания жасаған ұшақтардағы кемшілікке байланысты дау-дамайдан соң қызметінен кетті. Естеріңізде болса, былтыр да Индонезияның Lion Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 Max лайнері апатқа ұшырап, 189 адам қаза тапқан еді. Енді бұл компанияс 2020 жылдың басынан бастап осы ұшақты жасап шығаруды уақытша тоқтататын мәлім етті. Шереметьево әуежайындағы апаттан 41 адам мерт болды Араға бірнеше ай салып тағы бір жантүршігерлік ұшақ апаты Ресейде болды. Оқиғадан 41 адам жан тапсырды. Мамырдың 5-і күні кешке Superjet-100 ұшағы Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонған соң өртеніп кеткен. Көліктегі адамдардың бір бөлігі сыртқа шыға алмай қалды. Ұшақта барлығы 73 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Fokker 100 ұшағы Тегеран әуежайында өртеніп кетті Осы жылдың наурызында Тегеранның Мехрабад әуежайына апатты қонған Fokker 100 ұшағы өртеніп кеткен. Көлік ішінде 100-ге жуық адам болды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Ал, қаңтардың 14-і күні осы елде Бішкектен шыққан Boeing 707 ұшағы құлады. Болжам бойынша ұшқыш тізгінді басқара алмай, тұрғын үйге соғылған. Апаттан 16 адам мерт болды. Конгода әуе апатынан ондаған адам мерт болды Ал, өткен айда Конго Демократиялық Республикасындағы Busy Bee әуе компаниясының ұшағы құлап, 29 адамның өмірін қиса, желтоқсанның басында Чилиде 38 адам әуе апатынан мерт болды.

Серіктес жаңалықтары