250
Fokker 100 ұшақтары әлем бойынша қанша рет апатқа ұшырады?
Fokker 100 ұшақтары әлем бойынша қанша рет апатқа ұшырады?
Fokker 100 ұшақтары жасалып пайдалануға берілген уақыт ішінде 180 адамның өліміне себепші болған.
Әуе кемесі апатынан әлем бойынша жалпы саны 180 адам қаза тапқан. Мәселен биылғы шілдеде Virgin Australia әуе компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы көкке көтерілісімен сол жақ қозғалтқышы істен шыққан. Алайда, экипаж ұшақты сәтті қондырған. Ал 1996 жылы Сан-Паулуда Fokker 100 көкке көтерілгеннен кейін 24 секунд ішінде әуежай маңындағы тұрғын алапқа құлайды. Ол кезде борттағылардың барлығы яғни 95 адам қаза тапқан. Сарапшылардың айтуынша, аталған ұшақ апатына көбіне қозғалтқыштың істен шығуы мен шассидің ашылмай қалуы және гидравлика жүйесіндегі ақаулар себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
"Біз қазір апаттың негізгі себебі техникалық, метеорологиялық немесе ауа райының қолайсыздығы болуы мүмкін деген болжам жасап отырмыз. Ұшақтың жағдайы жақсы болған. Оларда қолдану мерзімі деген жоқ. Ол жекелеген бөлшектерден тұрады. Оларда қолдану мерзімі бар. Бірақ олардың барлығы тозығы жеткенде ауыстырылып отырады", - дейді ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша бас сарапшыДархан Оспанов.
Айта кетейік, орта қашықтыққа арналған Fokker 100 ұшағы Голандияның Fokker әуе компаниясында 1980 жылдары шығарыла бастаған. Алғаш рет 1986 жылы ұшқан. Шамамен 107 жолаушыны тасымалдауға арналған. Тиімсіз менеджменттің әсерінен әуе компаниясы 1996 жылы банкрот болған. Ал, 1997 жылы ұшақты шығару тоқтатылды. Компания жалпы бұл маркадағы 283 әуе кемесін жасаған. Бүгінге дейін оның бесеуі апатқа ұшырады. Бұл – алтыншысы. Bek Air әуе компаниясында осындай маркалы он шақты ұшақ бар. Олар осы кезге дейін ел ішінде 14 бағытта қатынап келді.