229
Вице-премьер ұшақ апатының ықтимал себебін айтты
Вице-премьер ұшақ апатының ықтимал себебін айтты
ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр ұшақ апатының ықтимал себебін атады.
«Әуе техникасы көкке көтерілу барысында құйрығымен 2 рет ұшу жолағын жанап өткен. Бұл ұшқыштың қателігі ме, әлде оған қандай да бір ақау себеп болды ма, соны анықтау маңызды», – деді ол.
Айта кетейік, ұшақ 1996 жылы құрастырылған. Ұшу жарамдылығы туралы сертификаты мен куәлігі биыл мамыр айында ұзартылған. Бұл әуе кемесі қазақстандық реестрде 2016 жылы 26 тамызда тіркелген. Bek Air компаниясына тиесілі 10 әуе кемесінің 9-ында ұшу жарамдылығы сертификаты бар.
Ұшақ Алматы маңындағы Қызылту ауылында апатқа ұшырады.
Қайғылы оқиғаға байланысты жедел штаб пен шұғыл желі құрылды.
ҚР ІІМ мәліметі бойынша, апат салдарынан 12 адам қаза тапты.