Қоғамдық орындарда темекінің барлық түрін шегуге тыйым салынады

Қоғамдық орындарда темекінің барлық түрін шегуге тыйым салынады

Қоғамдық орындарда темекінің барлық түрін шегуге тыйым салынады
ашық дереккөзі
1336
2019 жылдың 25 желтоқсаны темекімен күресудің ерекше күні ретінде есте қалмақ, ол миллиондаған қазақстандықтардың, әсіресе біздің жасөспірімдердің өмір сапасын айтарлықтай жақсарта алады. ҚР Парламенті Мәжілісінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы жаңа темекі өнімдерін (электронды темекі, бумен және қыздырылған темекі – IQOS, GLO) кәдімгі темекі өнімдерімен теңестіретін түзетулерді бірауыздан қабылдады. Бұл дегеніміз, қоғамдық орындарда шылым шегетіндерге, темекінің IQOS, GLO түрлеріне тыйым салынады және оларға барлық темекі түрлеріне салынған тыйымдар да қатысты болады, мысалы: кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салынады, ал өндірушілер жыл сайынғы есеп беру арқылы олардың құрамын көрсетуге міндетті. Осы темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу еліміздің жасөспірімдері мен жастары арасында тез таралған IQOS, GLO және вейпинг темекі шегудің жаңа түрін болдырмауға мүмкіндік береді. Ұлттық денсаулық сақтау орталығы 6546 қазақстандық оқушы арасында жүргізген зерттеуге (HBSC) сәйкес, 2018 жылы электронды темекіге әуестік ұлдар арасында үш есе (2014 ж. – 2%, 2018 жылы – 6%), қыздар арасында екі есе артқан (1,1% - 2%). Зерттеу қорытындысына сәйкес, біздің елде балалар 11 жастан бастап темекі шегуді бастайды және ер балалардың 6% -ы және 11-15 жастағы қыздардың 3,7% -ы кем дегенде 1-2 күн темекі шегіп көргені анықталып отыр.

Серіктес жаңалықтары