Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 8 адам жарақаттанды

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 8 адам жарақаттанды

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 8 адам жарақаттанды
ашық дереккөзі
Алматыда автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан 8 адам зардап шекті.  Алматы полициясының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 26 желтоқсан күні «Алатау-1» базары маңында болған. 44 жастағы «Mercedes – Benz» жүргізушісі солтүстік бағытында келе жатып қоғамдық көлікке соқтығысқан. «Жүргізуші маневр жасау ережелерін дұрыс сақтамай, оңға қарай бұрылып № 27 автобуспен соқтығысты. Салдарынан «Hyundai» маркалы қоғамдық көлік жарық бағанасына соғылып, арыққа түсіп кетті»,- деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі. Апат салдарынан автобустың 8 жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алды. Олар жедел-жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.