362
Елімізде ең төменгі жалақыны қай өңір тұрғындары алады?
Елімізде ең төменгі жалақыны қай өңір тұрғындары алады?
Отандық сарапшылар еліміздің қай өңірінде кіріс жоғары екенін анықтады.
Finprom.kz жасаған рейтингте Алматы көш бастап тұр. Мегаполис тұрғындары орта есеппен айына 238,8 мың теңге алады екен. Статистикалық деректер алматылықтардың айлық табысы бір жыл ішінде 5,7% өскенін және 35,8% орта көрсеткіштен асатынын көрсетіп отыр.Екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы жайғасты. Астаналықтар айына орта есеппен 230,5 мың теңге алады. Мұнда жылдық табыс 5,9% өскен.
Тізімдегі үшінші орын Қарағанды облысына бұйырған. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 209,2 мың теңге алады.
Топ-5 қатарына Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстары кірген. Бұл өңірдегі тұрғындар орта есеппен 203,8 мың және 199,8 мың теңге айлық алады.
Республикамыздағы 17 облыстың ішінде тек 9 өңірдің тұрғындары айына көбірек жалақы алады.
Ең төменгі жалақы Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында тіркелген, мұнда орташа жалақы деңгейі 105,3 мың, 134,6 мың және 139,4 мың теңгені құраған.