Арман Қырықбаев «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды

Арман Қырықбаев «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды

Арман Қырықбаев «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды
ашық дереккөзі
288
Арман Қырықбаев «Nur Otan» партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы  «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды.  «Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін»,-делінген хабарламада. Арман Қырықбаев Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының түлегі. Әр жылдары дипломатиялық лауазымдарда, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген. 2012 жылдан 2013 жылдары аралығында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымын атқарған.  "Егемен Қазақстан",  "Казахстанская правда" басылымдарында және "Қазақфильм" АҚ, "Nur Media" ЖШС-да директорлар кеңесіне төрағалық етті. 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.     

Серіктес жаңалықтары