«Түркістан» газетінің қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» атанды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әріптестеріміз, белгілі журналистер Таңсұлу Мирманова мен Бейбіт Тоқтарбай БАҚ саласына сіңірген еңбегі үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Таңсұлу Мирманова 40 жыл еңбек өтілінің 23 жылында «Түркістан» газетінде қызмет атқарып, қазақ журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосты. Әйел жанының терең тұңғиығына бойлап, қазақтың аяулы аналары мен біртуар қыздарының, сыйлы келіндерінің келбетін ашуға тырысқан журналист өз кейіпкерлерінің тағдырын  «Әйел – әлем»,  «Әйелмен әлем әдемі» кітаптарына арқау еткен.

3c9227a4 0fb5 476a a3ff 49f1ff1d9742

«Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқаратын Бейбіт Тоқтарбай бұған дейін де бірнеше басылымдарда бас редактордың орынбасары, жауапты хатшы, бас редактор қызметтерін атқарған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болашақ журналистерге ұстаздық еткен.

Back to top button