Үздік үштікке енген қосымшаларды білесіз бе?

Үздік үштікке енген қосымшаларды білесіз бе?

Үздік үштікке енген қосымшаларды білесіз бе?
ашық дереккөзі
App Annie компаниясының сарапшылары соңғы он жылда ең көп жүктелген қосымшаларды анықтады, – деп хабарлайды tengrinews.kz. Бұл тізімде Facebook компаниясы көш бастап тұр. Сондай-ақ, алғашқы үштікке WhatsApp пен Instagram қосымшалары кірді. Сарапшылар ұсынған үздік ондыққан енген қосымшалардың көбін америкалықтар ойлап тапқан екен. Ал ең көп жүктелетін ойын – Subway Surfers. Бұл ойынды Kiloo компаниясының мамандары ойлап шығарған. Subway Surfers ойынын көбіне Үндістан тұрғындары жүктейтіні анықталған. .