Тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін виртуалды көрме іске қосылды
 
								
                                                                                                Тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін виртуалды көрме іске қосылды
                                                                                                                                Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік архиві «Тәуелсіздік – ел мұраты» атты виртуалды көрме әзірледі.
«Виртуалды көрмеге тәуелсіздікке қол жеткізу сәтінен хабардар ететін тарихи дүниелер қойылған. Мақсаты – Тәуелсіздік тарихын нақты құжаттармен баяндау», – деді қалалық архивтің іс-шаралар өткізу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімі қызметкері Жанна Тұркенова.
Виртуалды көрмені www.nursultan-gosarhiv.kz және «Государственный архив города Нур-Султана» Facebook парақшасы  арқылы көруге болады.
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        