Жолда қалып қойған 56 өзбекстандық құтқарылды

Жолда қалып қойған 56 өзбекстандық құтқарылды

Жолда қалып қойған 56 өзбекстандық құтқарылды
ашық дереккөзі
346
«Павлодар – Нұр-Сұлтан» автожолында Ресейден Өзбекстанға бет алған жолаушылар автобусынан ақау шығып, бірнеше сағат бойы трассада тұрып қалған.  «Павлодар – Нұр-Сұлтан» трассасын патрульдеу барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері – капитан Тілеген Сыздықов пен аға лейтенант Аспандияр Тұрлыбаев жол жиегінде тұрған автобусты байқаған. Анықталғандай, автобустың артқы дөңгелегінің күпшегі сынып қалған. Салонда 56 адам болған, оның біреуі – бала, екеуі – автобус жүргізушісі. Жолаушылардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары», - деп мәлім етті Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Бағдарлық автобус Ресейдің Томск қаласынан Өзбекстанға бара жатқан. Ақау салдарынан жолаушылар көлігі бірнеше сағат бойы трассада тұрған. Адамдар суық салонда тоңа бастаған. «Полицейлер барлық адамды жылыну үшін жақын маңдағы кемпингке жеткізді. Қазір көлікті жөндеуге қолғабыс етуде. Айта кетсек, аталған полиция қызметкерлері бұған дейін Ресейден Қырғызстанға бет алған 53 жолаушыға, тағы бір жолы Тәжікстан Республикасының азаматтарына көмектескен болатын», - деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары