Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанованың есімімен аталмақ. Бұл туралы электронды үкімет порталында хабарланды.
"Атырау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Хиуаз Доспанованың есімі берілсін", - делінген 25 желтоқсанға дейін талқылау үшін жарияланған үкімет қаулысы жобасының мәтінінде.
Хиуаз Доспанова (1922-2008) - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш. Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 1922 жылы 15 мамырда Гурьев (Атырау) облысы Ганюшкино ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Орал қаласындағы № 1 орта мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте ол жергілікті аэроклубқа барып, аттестатпен бірге запастағы ұшқыш куәлігін алды. Оның есімі Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 лайнеріне берілді.