Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстанның бас прокуратурасы ел тұрғындарына үндеу жасап, рұқсат етілмеген әртүрлі митингтерге қатыспауға, өткізу ережелерін сақтауға шақырды.
Құзырлы орган шетелдегі адамдар Қазақстан азаматтарын заңсыз митингіге қатысуға арандатуды жалғастырып жатқанын айтты.
Аталған адамдар осындай әрекеттерімен елдің заңын бұзып отырғаны атап өтілді.
Ведомство митингке рұқсат алу үшін азаматтар әкімдікке алдын-ала, дәлірек 10 күн бұрын өтініш беруі керек екенін еске салды.
Сонымен қатар, рұқсат алғанға дейін митингіге қатысуға шақыруға немесе ол туралы ақпаратты таратуға тыйым салынатынын атап өткен жөн.
Сонымен, Бас прокуратура 16 желтоқсанда болжалды митинг ұйымдастырушылардың заңды өрескел бұзатындығын атап өтті.
Егер бұл адамдардың іс-әрекеттері адам құқықтарына айтарлықтай зиян келтірсе, олар Қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар осындай акцияларды қолдайтын адамдарға қатысты да бірдей дәрежеде қолданылатын болады.
Осыған байланысты, Бас прокуратура арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады.