255
Қисайған үй дауы: Сағынтаев тұрғындарды қауіпсіз орынға көшіруге уәде берді
Қисайған үй дауы: Сағынтаев тұрғындарды қауіпсіз орынға көшіруге уәде берді
Алатау ауданында қисайған көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріледі. Мұндай шешімді халықтың жағдайын білуге арнайы келген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қабылдады.
Себебі, басынан дау арылмаған бұрынғы «Алғабас», қазіргі «Зерделі» шағынауданының №179 үйдің тұрғындары қауіпсіздік үшін алаңдайтындарын айтты. Ал 9 қабатты, 72 пәтерлі үйдің қисаю себеп-салдары анықталмайынша жұртты жалдамалы баспанаға қоныстандыруды ұсынды, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.
«Сіздерді басқа жаққа уақытша қоныстандыруға дайынбыз. Біз осындай шешім қабылдадық. Қазір қала әкімдігі қаулы шығарып, ауданда төтенше жағдай жарияланады. Тиісті қаражат бөлінеді. Егер сіздер 72 жалдамалы пәтерді іздеуді бізге тапсырсаңыздар, оны дайындауға әзірміз. Әлде, «жоқ өзіміз табамыз» десеңіздер, оған да келісеміз. Онда пәтерді жалдағандарыңыз жөнінде құжат әкеліңіздер. Қаражатын толықтай төлеп береміз», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.