Siri адам өмірін құтқарды

Siri адам өмірін құтқарды

Siri адам өмірін құтқарды
ашық дереккөзі
Siri көмекшісі өзенге құлап мұздай судың ішінде жанталасқан 18 жасар Гаэль Сальседоның жанын аман алып қалды. Бұл туралы The Mirror хабарлады. Оқыс оқиға Американың Айова штатындағы Мейсон-Сити қаласының маңында орын алған. Бозбаланың айтуынша мұз жарылып, оның көлігі су астына кете бастайды. Мұздай су салонға кіріп, жүргізушіні орындық қысып қалған. «Қолдарым тоңа бастады. Аяқтарым жансызданып қалса да күресе бердім. Өйткені, өліп кетуім мүмкін деген қорқыныш болды», – деді Гаэль Сальседо. Ол өз телефонына жете алмасын түсініп Siri дыбыстық көмекшісі арқылы құтқарушыларды шақырған: "Siri, 911-ге хабарлас!" – деп айқайлаған. Смартфон иесінің бұйрығын қалт жібермейді. Оқиға орнына Мейсон-Ситиден құтқарушылар жетеді. Олар жігітті көліктен шығарып, аурухана жөнелткен. aikyn.kz