345
"Қаржыны кеш бересіңдер" – әкімдер наразы (видео)
"Қаржыны кеш бересіңдер" – әкімдер наразы (видео)

Үкiмет отырысында Асқар Мамин бюджет қаржысын уақытында игере алмай жатқан өңiр басшыларына шетiнен ескерту жасады, – деп хабарлайды Atameken Business.
11 айдың қорытындысы бойынша бюджет қаржысының 50 млрд теңгесi мақсатты жерiне жұмсалмағаны анықталған. "Жылдың аяқталуына 2 апта ғана қалды. Демек, оның көлемi өспесе, азаймайтыны анық", – дейдi Үкiмет басшысы.
Қаржы министрi Әлихан Смайыловтың айтуынша, бюджет қаражаты Түркiстан облысында – 12 млрд теңге, Нұр-Сұлтанда – 8 млрд, Шымкентте 7 млрд, Алматыда 6 млрд, ал Атырау мен Манғыстау облыстарында 3 млрд теңгеден игерiлмей тұр.
Түркiстан өңiрiнiң басшысы бұл «қара тiзiмдi» бастайтынын күтпесе керек, облыс әкiмi Өмiрзақ Шөкеев «қаржыны кеш бересiңдер» деп Қаржы мен Еңбек министрлерiнiң өздерiн айыптады.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=78&v=ff01Wm6-64I&feature=emb_logo