Зерделi зерттеушi еді – Елбасы

Зерделi зерттеушi еді – Елбасы

Зерделi зерттеушi еді – Елбасы
ашық дереккөзі
13 желтоқсан күнi aкадемик Сұлтан Сартаев өмiрден озды. Биыл 92 жасқа толған ардагер ұстаз, атақты заңгер, ғалым Сұлтан Сартайұлы елiмiздегi Конституцияның негiзiн қалаушылардың бiрi. Ол 1995 жылы елiмiздiң Ата Заңын дайындауға белсендi араласты. Оның бастауымен Конституцияға Қазақстанның жер және жер қойнауы, ұлттық нышандарына байланысты көптеген маңызды өзгерiс енгiзiлдi. Сұлтан Сартайұлы Сартаев - кеңес және қазақстандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигi, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген ғылым қайраткерi, Құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры, Қазақстан заңгерлер қауымдастығының вице-президентi. Сұлтан Сартаев 1927 жылы 15 қазанда дүниеге келген. 1962 жылы Сұлтан Сартайұлы ауылдарда қазақ мектебiн бiтiргендер үшiн заң факультетiнде қазақ бөлiмiн ашу үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсаған. Ол балалар үйiнде тәрбиеленiп жатқан студенттердi жатақханамен қамтамасыз ету және шәкiртақы алуға, қазақ тiлiндегi қабырға газетiн шығаруға көмектестi. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев профессор С.Сартаевтың қайтыс болуына байланысты көңiл айту жеделхатын жолдады. Қазақстанның Тұңғыш Президентi ғалымның отбасы мен туған-туыстарына және әрiптестерiне көңiл айтты. «Сұлтан Сартайұлы отандық заң және құқықтану саласын дамытуға елеулi үлесiн қосқан зерделi зерттеушi болатын. Ол мемлекет пен қоғам iстерiне де белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды. Үнемi азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы еңбегiмен елiмiздiң өсiп-өркендеуiне атсалысып, көптiң сый-құрметiне бөлендi», – делiндi жеделхатта.