14 Желтоқсан, 09:45 420 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Бүгіннен бастап күн суытады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Синоптиктер алдағы мереке күндерi 14-17 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердiң мәлiметiнше, алдағы күндерi ауа температурасы төмендейдi.

"Республикамыздың солтүстiк облыстарында қар мен температураның төмендеуiн әкелген арктикалық суық фронт оңтүстiк, орталық және шығыс облыстары арқылы Алтайға жылжиды. Оның артынан антициклонның ығысуымен Қазақстанның қалған аймақтарында да температураның төмендеуi күтiледi. Бiрақ ол да ұзақ болмайды. Дүйсенбi, 16 желтоқсанда Ресейдiң Еуропалық бөлiгiнен республиканың батыс облыстарына кезектi атмосфералық фронттардың жылжуымен жауын-шашын жауады деп болжанады. Республиканың көптеген облысында байқалған тұман және көктайғақ осы болжам аралығында да сақталады", - дейдi "Қазгидромет" өкiлдерi.

Соңғы жаңалықтар