Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қауқарсыз – депутат

Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қауқарсыз – депутат

Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қауқарсыз – депутат
ашық дереккөзі
Желтоқсан айында азық-түлік бағасы күрт қымбаттап кетті кетті, – деп хабарлайды Energyprom.kz.  Мәселен, бір айдың ішінде қызанақ бағасы – 23,1%, қияр – 20,1%, сарымсақ – 6,6%, қызылша 1,9 пайызға қымбаттаған. Жидектердің ішінде апельсин (3,5%), банан (2,3%) мен алма (1,8%) қымбаттады. Дәнді-дақылдардың да бағасы арзан емес. Қарақұмық құны 13 пайызға өсті. Бірінші сұрыпты ұн  – 6%, жоғары сұрыпты ұнның бағасы 3,9 пайызға өсті. Сәйкесінше нан өнімдерінің де құны артты. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың пікірінше, үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыруда қауқарсыздық танытып, халықтың мүддесін қорғай алмай отыр. Депутат үкімет азық-түлік инфляциясының алдын алу үшін Ұлттық жоспар жасауға тиіс екенін алға тартты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жемді қаншаға алатына мемлекеттік органдар көңіл бөлмейді. Ауылда пішеннің тоннасы 25-30 мың теңге тұрады. Ал астық қоры экспортқа шығарылатын тауарлық астыққа қарағанда (бір тонна астық қалдығына) 70 мың теңгеге қымбат сатылады. Мұның барлығы диқандар мен жайылым жерлері ірі астық компаниялардың иелігінде болғанның нәтижесі. Әкімдіктер үлкен фермалар мен құс фабрикаларымен жұмыс істейді. Олар азық-түлік өнімдердің басым бөлігін қосалқы шаруашылықтар өндіретінін ұмытып кетеді»,– деді Айқын Қоңыров. Айта кетейік, бұл айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде жұмыртқа – 6%, сүт – 3%,  сары май – 2,5%, қаймақ 1,3 пайызға қымбаттады. Қарашамен салыстырғанда жылқы еті  – 1,5%, сиыр бауырының бағасы 1,2 пайызға өсті.