«Жаңа Алматы»: 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті қанша?

«Жаңа Алматы»: 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті қанша?

«Жаңа Алматы»: 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті қанша?
ашық дереккөзі
Алматы әкiмдiгiнде өткен мәслихат отырысында 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджетi талқыланды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматы бюджетi 738 млрд теңге көлемiнде бекiтiлдi. Алдағы екi жылда қала бюджетi әлеуметтiк салаларға бағдарланған болып қала бередi. Әлеуметтiк салаға шамамен, 280 млрд теңге, яғни 40% жұмсалады. Атап айтқанда, бiлiм беру саласына – 172 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына – 77 млрд теңге, халықты әлеуметтiк қорғауға – 26 млрд теңге, қаланың инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға – 39,9 млрд теңге, қоғамдық көлiктi дамыту саласына – 121,5 млрд теңге, төтенше жағдайлардың алдын алу мен қауiпсiздiк саласына – 17,9 млрд теңге, цифрландыруға – 1,7 млрд теңге, кәсiпкерлiк пен бизнестi дамытуға – 13,2 млрд теңге, қаланың 8 ауданының дамуына 1,4 млрд теңге жұмсалады», – дедi қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыров. Мәслихат депутаттары бюджет жобасын бiрауыздан қолдады. «Бюджет жобасын қарау кезiнде қалалық мәслихат депутаттарының және профильдi комиссиялардың талқылауы болды. Бұл жиындарда көбiнесе әлеуметтiк мәселелер көтерiлдi. Қаржыны оңтайландыру нәтижесiнде барлық даулы мәселе шешiмiн тапты. Әсiресе жол инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық көлiк, қауiпсiздiк, бiлiм беру, денсаулық сақтау салаларына бөлiндi. «Жаңа Алматы» кешендi жоспарын жүзеге асыру мiндеттерiн ескердiк. «Шекарасыз қала» бағдарламасы аясында тұрғындарды ауызсумен, көгiлдiр отынмен, көшенi жарықтандыру, әлеуметтiк нысандар құрылысы, аулаларды абаттандыру мәселелерiне басымдық берiлген. Жалпы алғанда қала бюджетi жобасы биыл да әлеуметтiк салаларға маңыз берiп отыр», – дедi мәслихаттың Экономика және бюджет бойынша комиссиясының төрағасы Сергей Козлов.