11 Желтоқсан, 21:25 441 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

30 жылдан соң: Ауған соғысы ардагеріне тиесілі медаль неге уақтылы берілмеген?

Ауған соғысының ардагері 30 жылдан кейін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы Семей ақпарат орталығы хабарлады.

Берікбол Кулов Мәскеуде өткен салтанатты марапаттау рәсімінен оралды. Күні кеше медальмен марапатталған жауынгер-интернационалистпен қала әкімі Ермак Сәлімов те кездесті.

«Марапат туралы мәлімет ұзақ уақыт РФ Қорғаныс министрлігінде құпия ақпарат ретінде сақталып келген. Тек Одақ ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін бұл деректерді алу мүмкіндігі пайда болған. Сондықтан да қазақстандық интернационалист-жауынгерлердің көбі ерлігінің 30 жыл бұрын ерекше атап өтілгенін білмеді» делінген хабарламада.

Бүгінде Берікбол Кулов үш қыз тәрбиелеп, ұзақ жылдар бойы тіс емханасында стоматолог болып қызмет етіп келеді.

Соңғы жаңалықтар