Кір жуғыш машинаға, сандыққа тығылып, АҚШ-қа заңсыз кірмекші болған қытайлықтар ұсталды.
АҚШ Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекет территориясына кіріп кету үшін әртүрлі жиһаздарға тығылған Қытай елінің 11 азаматын ұстады. Бұл туралы ведомствоның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.
Америкалық шекарашылар Калифорния штаты Сан-Диего қаласына Мексика жақтан келе жатқан фураны тоқтатқан.
"Автокөліктің ішінде әртүрлі жиһазға жасырынған 11 қытайлық мигрант табылды. Мигранттар сандыққа, комодқа, тіпті кіржуғыш машинаға жасырынған көрінеді", - делінген хабарламада.
Қытайлықтардың ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпеген.
Фураның жүргізушісі 42 жастағы АҚШ азаматы тұтқындалды.