Көлік ұрлаған күдіктілер қолға түсті

Көлік ұрлаған күдіктілер қолға түсті

Көлік ұрлаған күдіктілер қолға түсті
ашық дереккөзі
199

Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті. Мұндай ақпаратты Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратты.

Алматы қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, осы уақытқа дейін 42 және 25 жастағы Талдықорған қаласының тұрғындары дабылмен қамтылмаған ескі көліктерді ұрлаумен айналысып келген. Қазір қолға түскен күдіктілердің «Мазда», «Ауди», «Тойота Камри», «Мицубиси» маркалі 16 көлікті қолды қылғаны анықталып отыр.

Айта кетейік, күдіктілерді Алматы полицейлері 2 қаңтарда қолға түсірген. Қазіргі уақытта олардың тағы қанша қылмысқа қатысы бар екендігін анықтау

мақсатында шаралар жүргізілуде.

Алматы қалалық ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин бұл іске қатысты: «Талдықорғаннан түнделетіп жетіп, күзетсіз тұрақтағы ескірек көліктерді ашып бірден Талдықорғанға тартып отырған. Жеткен соң көлікті құжатсыз заңсыз, сенімді адамдарына арзан бағаға сатып ақша тапқаны белгілі болды», – дейді.

Соңғы уақытта мұндай іспен айналысатындар қатары көбейіп кетті. сондықтан, тәртіп сақшылары жүргізушілерге көліктерін дабыл жүйесімен қамтуды және мұндай ұрылардан абай болуды ескертуде.

Серіктес жаңалықтары