287
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық кімге бұйырды?
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық кімге бұйырды?
Ақорданың баспасөз қызметі жарлықтың толық мәтінін жариялады.
Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімін қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығы: 1) «Ұлттық құрамы бар, балаларға арналған және емдік-профилактикалық тағам өнімдерін ғылыми әзірлеу және өнеркәсіптік өндіру бойынша инновациялық кластерлер» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:«Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Төрегелдi Шармановқа; «Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері Жанкелді Мұсылманбекұлы Әбжаппаровқа; «ЕвразияИнвест LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қадырбек Қақуұлы Мейрамбековке; «ЕвразияИнвест LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі Ғалымжан Қадырбекұлы Мейрамбековке; «Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вице-президенті, биология ғылымдарының докторы, профессор Юрий Александрович Синявскийге; «Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Сергей Александрович Терещенкоға; «Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы Руслан Борисович Юнге;
2) «Қазақстан Республикасы табиғи-шаруашылық жүйелерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысында сумен тұрақты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстар циклі» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ахметқал Медеуге; «География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, география ғылымдарының кандидаты Саят Құрбанбайұлы Әлімқұловқа; «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Тілектес Исабайұлы Есполовқа; «География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Игорь Михайлович Мальковскийге; «География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Игорь Васильевич Северскийге; «География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің табиғи-шаруашылық жүйелерді сумен қамтамасыз ету және математикалық модельдеу зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Лидия Серғазықызы Төлеубаеваға; «География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су ресурстарын бағалау зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының кандидаты Айсұлу Алашқызы Тұрсыноваға;
3) «Мал шаруашылығын дамытудағы жаңа инновациялық жетістіктер (мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, ветеринария)» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Дәурен Маратұлы Бекеновке; «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Мурат Ашрафович Алиевке; «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік ғылымдар академиясының академигі Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовке; «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Николай Петрович Ивановқа; «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы Айдар Мырзахметұлы Наметке; «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Төлеухан Садықұловқа; «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі Сәуле Нұрғалиқызы Сарымбековаға; «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ахметжан Әкиұлы Сұлтановқа;
4) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнай құбыры маршруттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін: «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Ескендір Қалыбекұлы Бейсембетовке; «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының «Компьютерлік модельдеу және бағдарламалық қамтылым» бөлімінің басшысы, техника және технология магистрі Тимур Талғатұлы Бекібаевқа; «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ұзақ Қайырбекұлы Жапбасбаевқа; «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылым жөніндегі проректоры,«Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының бас директоры – басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Бақдәулет Кенжалыұлы Кенжалиевке; «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Техникалық саясат департаментінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инновация секторының бас менеджері, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ербол Махмотовқа; «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Техникалық саясат департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Қартаңбайұлы Саяховқа берілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.