276
Қостанайда екі сәби тірідей жанып кетті
Қостанайда екі сәби тірідей жанып кетті
Әулиекөл ауданында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды.
Бұл туралы Қазақпаратқа Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь мәлімдеген.
Оқиға бүгін аудан орталығындағы 1 мамыр көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. «Үй ішінде қараусыз қалып қойған 2016 және 2018 жылы туған екі бала жанып кетті. Үйдегі барлық төсек-орын, жиһаз өртенді. Өрт ауқымы 18 шаршы метрді құрады», - деді Ирина Беженарь.
Оқиғаның алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану. Тұрғын үй өрті бүгін сағат 12.39-да толығымен сөндірілді.