Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов 2009 жылғы әлем чемпионы атағынан айрылды.
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Седовты допинг қолданғаны үшін 2008 және 2016 жылдар аралығында алған барлық медальдарынан айыру туралы шешім қабылдады. Яғни, қазақстандық спортшы 2009 және 2016 жылғы Азия чемпионаттарындағы екі алтын, ЧА-2011 күмісі, 2013 жылғы әлем чемпионаты мен 2014 жылғы әлем чемпионатындағы қола мен күміс медальдарды қайтарып бермек.
2016 жылдың жазында IWF және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) қазақстандық сынақтарды қайта тексеріп, оларда тыйым салынған дәрі-дәрмек станозололының іздерін тапқан болатын.
Екі жылға созылған тергеуді аяқтағаннан кейін Седов екінші рет допинг қабылдағаны үшін сотталғандықтан, сегіз жылға шеттетілді. Содан кейін IWF оны 2008 жылғы Олимпиададағы төртінші орнынан айырды.
2009 жылы Кореяда өткен әлем чемпионатында Владимир Седов алтын медаль жеңіп алған еді. Енді бұл алтын автоматты түрде әзірбайжандық ауыр атлет Низами Пашаевқа бұйырды. Осылайша, Низами Пашаев ауыр атлетикадан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол Әзірбайжанда үш рет әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы ретінде тарихқа енбек.