Украина, Германия, Франция және Ресей лидерлері соңғы үш жылда бірінші рет келіссөз үстеліне отырады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Саммит алдында 8 желтоқсанда Киев орталығында наразылық акциясы өтті. AFP агенттігі мәліметінше, оған бес мыңға жуық адам қатысқан.
Нарызылық шарасына Жоғарғы раданың оппозициялық фракция өкілдері – "Еуропалық ниеттестік", "Батькивщина", "Дауыс", "Азаттық" партиясы өкілдері қатысты. Олар ел президенті Владимир Зеленский бұл кездесуге қатыспауы керек еді дейді.
Наразылық шарасын өткізушілердің басты талабы – мемлекет тұтастығын сақтау, Донбасстан Ресей әскерін шығармайынша сайлау өткізубеу және Қырым мәртебесіне қатысты келіссөздерден бас тарту, сонымен бірге Ресейді халықаралық сотқа беру.
266
Путин мен Зеленский Парижде кездеседі
Путин мен Зеленский Парижде кездеседі
Парижде 9 желтоқсанда Донбасстағы жағдайды реттеуге байланысты "норманд форматы" бойынша кездесу өтеді.