Жасөспірімдер қылмысы 4,3 пайызға артты

Жасөспірімдер қылмысы 4,3 пайызға артты

Жасөспірімдер қылмысы 4,3 пайызға артты
ашық дереккөзі
453
Алматы облысындағы 760 мектептің  182-сінде ғана полиция инспекторы бар. Оқушылардың қауіпсіздігін толықтай  қамтамасыз ету үшін олардың санын арттыру қажет. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының жиынында осындай ұсыныс жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Сонымен қатар, басқосуда білім ордасындағы камераларды көбейту керектігі аталып өтті. Өйткені, өңірдегі мектептерге 16 мыңға жуық бейнебақылау құрылғысы орнатылған. Ол тек жалпы жағдайды бақылауға ғана жетеді екен. Ал қуыстар мен аула көп жағдайда назардан тыс қалып жатады. «300 мектептің дәретханасы далада орналасқанын ескерсек бұл аздық етеді», – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Ұрымханов. Басқосуда балалардың құқық бұзушылығы да сөз болды. Биылғы 10 айда жасөспірімдер  қылмысы өткен жылмен салыстырғанда  4,3% артқан.  Ал аймақтағы 900-ден аса тұрмысы төмен отбасы арнайы тіркеуге алынды. – Биыл балалар құқығын қорғау комиссиясына 367 материал жолданған. Оның 30-дан астамы сол отбасылардағы ата-аналарды құқығынан айыру материалдары болып отыр. Биыл 9 дерек бойынша ата-ана құқығынан айыру бойынша сот шешімі шықты, - дейді облыстық ПД ресми өкілі  Серік Үпиев.

Серіктес жаңалықтары