Түрмедегі төбелес: Жазасын өтеуші камераласын өлтірді

Түрмедегі төбелес: Жазасын өтеуші камераласын өлтірді

Түрмедегі төбелес: Жазасын өтеуші камераласын өлтірді
ашық дереккөзі
474
Қарағанды тергеу изоляторындағы камерадан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі хабарлады.  Комитеттің хабарлауынша, 2 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері мекеме камерасынан қамауға алынғандардың бірінің мәйітін тапқан. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында камерадағы адамдардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқаны мәлім болды. Олардың бірі екіншін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болған, - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер. Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі таңда соталды тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары